СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Author(s):  
Жазира Дайрабаевна Абдуллаева ◽  
Жазира Есенкелдиевна Абдыхалыкова

Жоғары білім беруді интернационалдандыру идеясын іске асырудың негізгі нысаны студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлығын дамыту болып саналады. Интернационализация жоғары білім беру жүйесінің ынталандырушы факторы, университеттерді студенттер үшін бәсекелесуге, инновациялық халықаралық бағдарламаларын, ағылшын тіліндегі курстарды, курикулумдарды (curriculum) әзірлеуге, білім беруді инновациялық бағытта дамуына мәжбүрлейді. Студенттердің академиялық ұтқырлығы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы және құралы ретінде қарастырылады, жоғары білім беру сапасының кепілі, құзыретті кадрлардың қалыптасуына ықпал етеді. Академиялық ұтқырлық студенттің субъективтілігімен, дербестігімен байланысты, шетелдік білім алу нәтижесінде білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Сол себепті, мақалада студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі (Германия, Қытай, АҚШ, Жапония, Австралия және т.б.), соңғы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай қабылданған қадамдары жан жақты талданды, өзіндік ерекшеліктері мен дамуының жолдары анықталды. Студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастырудың дамуының механизмдері мен формаларын, құқықтық-нормативтік негіздерін, кезеңдерін, салыстырмалы талдау арқылы алынған нәтижелер, өз кезегінде академиялық ұтқырлық бағыты бойынша отандық білім берудің «әлсіз» және «күшті» тұстарын көруге, осы бағыттағы білім сапасын арттырудың теориялық және практикалық негізі болуға мүмкіндік береді.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document