scholarly journals ЕКІ СИММЕТРИЯЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЛИНЗАНЫҢ ПАРАКСИАЛДЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ

Author(s):  
Ә. Б. Сағындық ◽  
А. Д. Тастенов

Осы күнге дейін әлемде тиімді түзеуші және құрушы элементтер мен электронды және ионды оптика түйіндерін зерттеу мен жобалау бойынша жеткілікті түрде терең өңделмеген әдістемелер қолданылады. Бұл әсіресе тек екі өлшемді (осесимметриялық және жазықтық-симметриялық) зарядталған бөлшектер көздерінің барлық құрылғыларын қолдануда байқалады. Электронды және ионды оптиканың әртүрлі элементтерін зерттеу әдістері бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, бірлік және қарапайым иммерсионды линзаларды зерттеу әдістері эмиссионды және шағылушы электронды линзалардың қасиеттерін зерттеу кезінде тиімді бола алмайды. Өз кезегінде, эмиссионды (катодты) линзалар теориясы мен электронды айналар теориясы да өзара ерекшеленеді. Сонымен қатар, ионды көздерді жобалау кезінде катодты линзалар теориясын қолдану да белгілі бір ерекшеліктерге ие болады. Кеңістіктік сипаттамалар мен фокустаушы өрістер симметриясының түрлері де маңызды мәнге ие. Бұл жағдайлар элементтердің әр түріне, олардың ерекшелігін ескере отырып, нақты теориялық негіздерді өңдеуді талап етеді. Әрі қарай бағдарламалық құралдар өңделіп, зерттелуші элементтер параметрлеріне есептеулер мен сандық нәтижелерге талдау жүргізілуі керек. Мақалада екі симметриялы жазықтыққа ие катодты электронды линзаның параксиалды параметрлері есептелген. Параксиалды жақындауда зарядталған бөлшектердің қозғалысы екінші ретті дифференциалды теңдеумен өрнектеледі. Жұмыста жаңартылған эйлер әдісімен салыстырғанда мәні нақты мәнге жақынырақ болатын, яғни пайызбен өлшенетін салыстырмалы қателігі төменірек және тезірек есептелінетін төртінші ретті рунге-кутта әдісі жетік қарастырылған. Жүргізілген есептеу тәжірибесі негізінде delphi ортасында есептеу бағдарламасы құрастырылған. Құрастырылған бағдарламаның көмегімен зарядталған бөлшектердің қозғалыс траекториясының графиктері алынды. Зерттелуші линзамен кроссовердің құрылу шарты орындалуы үшін бірінші электродтың потенциалының электродтар арасындағы тесік өлшемінен тәуелділігі есептелді. Кроссовердің құрылу шарты болашақта аберрациялық коэфициенттерді есептеу үшін қажет.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document