scholarly journals Инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясат мәселелері бойынша шетелдік зерттеулерге шолу

Author(s):  
Мақпал Нұрсұлтанқызы Сыздық ◽  
Гульжан Токтамысовна Алимбекова

Мақала инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясат мәселелері бойынша шетелдік зерттеулерге шолуға бағытталған. Мақаланың мақсаты инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясаттың басымдылығы мен әлемдік аренадағы орнын анықтай отырып, осы тақырып аясындағы шетелдік зерттеулерге әдеби шолу жасау болып табылады. Шолу жасау барысында инклюзивті білім беру мен әлеуметтік инклюзияның арасында қандай байланыс бар? Қазіргі зерттеулерде инклюзивті білім беруде әлеуметтік саясаттың орнын қалай көрсетеді? Инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясат неге бағытталады сынды сұрақтарға авторлар мақалада жауап беріледі. Әдеби шолу барысында инклюзивті білім беру құқығын іске асырудағы прогресс, саясат, практика және инклюзивті білімге деген көзқарас, білім беру саясатындағы инклюзивті білім берудің контекстуализациясы сынды өзекті ғылыми ақпараттар басты назарға алынып, арнайы авторлардың зерттеулерінің нәтижелері мақалада талданды. Авторлар әдеби шолуда таңдалып алынған мақалаларға қойылған басты критерийлер ретінде тақырып аясындағы әлемдегі индексі жоғары журналдар мен басылымдарда соңғы жылдары жарық көрген мақалалар болып табылады. Оның объективтілігін жоғарлату мақсатында тақырыптың өзектілігін ашып көрсете алатын және бірін-бірі толықтыра алатын негізгі төрт мақала таңдалып алынып, арнайы әдеби талдаудан өтеді. Мақаланы әрі қарай инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясат мәселелері бойынша эмпирикалық зерттеу жүргізуге көмекші құрал ретінде қарастыруға болады.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document