БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ СӘН ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ЭКОДИЗАЙН БАҒЫТЫНЫҢ РӨЛІ

Author(s):  
Куралай Маратовна Бекболатова ◽  
Ғаділбек Мұратұлы Әлжанов ◽  
Жанар Орынбековна Небесаева ◽  
Ақмарал Мураталиевна Ермаханбетова

Мақалада болашақ мамандарға көркем білім берудегі сән индустриясындағы экодизайнның рөлі мәселесі қарастырылады. Бұл мәселенің теориялық негіздерін ашып көрсету мақсатында дизайн, экодизайн, сән ұғымдарына қысқаша сипаттама беріліп, экодизайн бағытының бірнеше айрықша ерекшеліктері анықталады. Экодизайн (экологиялық дизайн) жобалаудың бағыты мен парадигмасын білдіреді, оның негізгі мақсаты қоғам мен қоршаған орта қатынастарын үйлестіру, оның сақталуын қамтамасыз ету және дизайн объектісі өмірінің барлық кезеңдерінде зиянды әсерлерді барынша азайту болып табылады. Көркем білім берудегі экодизайн - бұл сән индустриясының көркемдік білім берудің жобалық мәселелерін шешумен, сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін шешумен және осы саладағы болашақ мамандардың жобалық мәдениетін мақсатты түрде өзгерту қажеттілігімен байланысты ерекше сала. Басқаша айтқанда, экологиялық дизайн экологиялық мәселелердің шиеленісуіне ықпал ететін және экологиялық, тұрақты, жасыл дизайн тұжырымдамалары түрінде дамитын заманауи дизайн бағыты болып табылады. Эко-киім экологиялық таза үрдістерді қолданып жасалынған киімдер, табиғи материалдардан жасалған киім сән үрдісі ғана емес, сондай-ақ денсаулықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда ғалымдар қолжетімді және экологиялық таза киім маталарын өндірудің жаңа тәсілдерін іздестіруде, оны болашақ мамандарға көркем білім беру үрдісінде қолдану қажет.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document