БРЕНД АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Author(s):  
Бақытгүл Молдағали ◽  
Лира Әбділдабекқызы Ибраймова ◽  
Дидар Рысқұлбек

Мақалада бренд арқылы қазақ тілін меңгерудің педагогикалық әдістері сандық технологиялардың дамыған уақытында әлемдік өзгерістерге сай әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тіл білімі даму прогресінен өте келе, қазір адамның ішкі менталдық табиғаты мен ойлау механизмдеріне ойысты. Қазақ тіл білімінде тілдік зерттеулер танымдық деңгейге көтеріліп, оны меңгерту жолдарын ұлттық ерекшелігі, менталдық сипаты, ұлттық құндылықтары арқылы табуда. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытып, меңгерту әдістемесін қазіргі заманға сай жаңа технологиялар негізінде оқытудың мазмұнын жаңаша құру заман талабы болып отыр. Осымен байланысты қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде меңгертуде бірқатар қиындықтар туындап отыр. Нақтылап айтқанда, олар интернет желісіндегі тілді өз бетінше үйренуге арналған ресурстардың аздығы, әдістемелік тәжірибелердің кең тарамауы. Осы тұрғысынан мемлекеттік тілді қазақстандықтар мен шетелдіктерге өз бетінше ұлттық бренд негізінде, сандық ресурстар арқылы меңгертудің теориялық-тәжірибелік, әдіснамалық, әдістемелік негіздерін жан-жақты зерттеп-зерделеу алғаш қолға алынып отыр. Мақалада тілді онлайн оқытудың тиімділігінің бірі – оқыту аудиториясын кеңейтіп, масштабтау мүмкіндігін, және нысандағы аудиторияның кез келгенін таңдай отырып тілді меңгертуге интернет ресурстардың әлеуеті жеткіліктігі айтылады. Сонымен қатар, ұлттық ерекшелігімізді, барынша дәстүрімізді дәріптеу негізгі мүдде етіп алынды.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document