scholarly journals САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰЖЫРЫМЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Author(s):  
Райя Сейиловна Тажитаева

Бұл мақалада саясаттанудағы саяси құндылықтар ұғымын тұжырымдамалық тұрғыда талдаймыз. Мақала екі үлкен бөліктен тұрады. Алғашқы бөлігі концепциялық және теориялық зерттеулерге тоқталады, ал екінші бөлігі саяси құндылықтарды тәжірибелік тұрғыда зерттеу мәселелерін қарастырады, нақтырақ, қазақстандықтардың саяси құндылықтары туралы болады. Алдымен мақалада құндылықтар секілді абстракт түсінікті зерттеудің ерекшелектеріне тоқталамыз. Мақала саяси құндылықтарды зерттеуде қолданылатын әдістемелерді талдайды және ұсыныстар жасайды. Құндылықтар жеке адамның сенім жүйелеріне кіретіндіктен, бұл тақырыпты тәжірибелік тұрғыда зерттеу үшін пәнаралық әдістердің қолданылуы маңызды. Осы тұрғыдан мақала саяси құндылықтарды зерттеу әдістемесін толықтыратын сапалық зерттеу әдістерін ұсынады. Сонымен қатар, мақала қазақстандық қоғамның саяси құндылықтарын талдайды, осы тақырыптағы зерттеулерге шолу жасайды және саяси құндылықтардың әлеуметтік маңызына тоқталады. Қазақстандықтардың саяси құндылықтарын зерттеуде азаматтардың мәдени, этностық ерекшеліктерін ескеріп әлеуметтанулық талдау жүргізу қажеттігі ұсынылды. Мақала қазақстандықтардың саяси құндылықтарын талдау кезінде негізге алынып жүрген демократия, теңдік, әділеттілік, жеке бас тәуелсіздігі, сайлауға қатысу секілді ұғымдарды қарастырудың үстіртін әдістеме екенін, саяси құндылық ретінде халықтың өзі нені танитынына назар аудару қажеттігін алға тартады.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document