scholarly journals Concept «Woman» in the poetic works of Mariyam Khakimzhanova

Author(s):  
Г.Н. Абубакирова ◽  
◽  
А. Кайпбаева ◽  

Қазақ қоғамында бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен әйел қауымының орны әрқашан ерекше. Өмірде ер адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болатын әйелдер қауымының өмірі сан қилы. Әрбір әйел бір үйдің инабатты келіні, аяулы анасы, ардақты апасы, асыл әжесі. Сондықтан әйел тақырыбы – мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, көркем туындыларда сипатталатын әйел бейнесі, тағдыры, мұңы, сезімдері көптеген шығармаға арқау болған. Ақын-жазушыларымыз әйелді мүсіндеп, сипатын бейнелегенде ұлттық әдет-ғұрыптық ерекшеліктермен бірге рухани дүниенің сырларын, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекшеліктерін ұмытқан емес. Зерттеу нысанасына алынып отырған Мәриям Хакімжанова шығармаларында да «әйел» концептісін айшықтайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымға сай берілгені аңғарылады. Сонымен қатар, «Әйел» лексемасы сөз болған жерде, әйел – сұлулық, әйел – сүйікті жар, әйел – ана баламалары қабаттасып, сабақтасып жатуы заңды. Мақалада осы аталған баламаларға М. Хакімжанова шығармалары негізінде тоқталатын боламыз.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document