BULLETIN of the L N Gumilyov Eurasian National University Phililogy Series
Latest Publications


TOTAL DOCUMENTS

212
(FIVE YEARS 128)

H-INDEX

0
(FIVE YEARS 0)

Published By L. N. Gumilyov Eurasian National University

2616-678x

Author(s):  
Ш.К. Жаркынбекова ◽  
◽  
С.Т. Исина ◽  

В настоящей работе освещается концепция исследования туристического дискурса в рамках когнитивно-прагматического подхода, рассматриваются вопросы тактико-стратегической организации данного вида институционального дискурса. Как показал анализ лингвистических исследований, вопрос о типологическом статусе туристического дискурса является дискуссионным. Продемонстрирована связь между туристическим и рекламным дискурсами. Целью исследования является выявление основных коммуникативных стратегий и тактик туристического дискурса. На примере рекламных текстов о туристических местах в Казахстане выявлен ряд речевых стратегий и тактик, используемых для реализации основной цели такого типа дискурса – воздействия на адресат. Рассмотрена стратегия позитива и тактики ее реализации – честность и надежность, ссылка на авторитет, подмазывание аргумента, быстрота, шикарная жизнь, давление, выгодное предложение, фоновые знания адресата, обращение к чувствам.


Author(s):  
Н.И. Журакузиев ◽  
Keyword(s):  

В статье пронализирована вертикальная трехэтажная модель мироздания по древнетюркским литературным источникам и фольклору. Изучен высший мир Кёк Тенгри, срединный мир Священной Ер-Сув, подземный мир под владычеством Эрликхана по Орхоно-Енисейским эпитафиям, «Ырк битиг» и фольклорным источникам. Проведен сравнительный анализ древнетюркских мифов о мироустройстве и образов Кёк Тенгри, Священной Ер-Сув, Умай, Эрликхана. Сопоставлены особенности мировоззрения в древнетюркских рунических памятниках и других письменных источниках. Отдельно отмечены мифологические образы Караш, Маттир, Шингай, Кумирхан, Бадиш бий, Ябаш, Темирхан, Учархан, Керейхан, дух смерти Бюрт и другие. Реконструирована трехэтажная модель мироздания древнетюркских народов. Исследована модель мироустройства в эпитафиях Кюль Тигина, Онгина, наскальной надписи Гурвалжин-Ула, надписи из Алтынкёля и книге гаданий «Ырк битиг». Отдельно изучены по письменным и устным источникам мифологические образы Кёк Тенгри, Умай, Эрлик хана. Детально проанализированы XII и LV притчи в книге гаданий «Ырк битиг». Также сравнительно изучены слова «Тенгри» и «Кам» (шаман) в «Диван лугатит-турк» и тюркских рунических памятниках.


Author(s):  
Zh.D. Nurzhanova ◽  
◽  
G.B. Sarsenova ◽  

The article is devoted to the issue of using Internet resources in teaching English, contributing to the development of listening skills. The expediency of using video materials in a foreign language lesson as a means of intensifying the educational process and giving it a maximum communicative orientation is considered. The article considers the concept of listening as a receptive type of speech activity that exists in the methodology of teaching a foreign language. Video auditing is a lightweight version of listening, because the video sequence helps students guess what is happening on the screen and better understand the situation. A pilot experiment to identify the attitude of students to video auditing showed a clear preference for this type of educational activity. The author gives examples of active teaching methods and techniques that stimulate the creative aspect of applying knowledge and skills by students in the process of forming communicative competence. The article presents a method of working with video materials, and it lists the types of Internet sites that can be used by teacher in a foreign language lesson.


Author(s):  
Ш. Құрманбайұлы ◽  
◽  
Ж. Жұмабаева ◽  

Мақалада оқушының тілдік тұлғасы қарастырылады. Оқушыны тілдік тұлға ретінде қалыптастыру үшін мәтіннің қызметі, оның мазмұны мен қолданысы айтылады. Сонымен қатар, оқушының тілдік тұлғасының лексикалық ерекшелігі де сөз болады. Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің оқушының рухани жағынан дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әсері де мақалада қамтылады. Себебі зерттеулер көрсетіп отырғанындай тілдік тұлға қалыптасуының негізі баланың мектепте оқып жүрген кезеңінде қаланады. Сондықтан бастауыш сыныпта да, жоғарғы сыныптарда да оқушының тілдік тұлғасын қалыптастыруда оқулықтар мәтінінің алатын орны айрықша. Сабақ барысында мұғалім осы мәтіндерді негізге алады. Оқушы да пән мазмұнына қатысты негізгі мәліметтермен оқулық мәтіні арқылы танысады. Ендеше, оқушының тілдік тұлғасының қалыптасуында оқулық мәтіні өте маңызды рөл атқарады. Тілдік тұлға туралы айтылған зерттеулерді негізге ала отырып, оқушыларды тілдік тұлға ретінде қалыптастырудың маңызы қандай деген мәселе қарастырылды.


Author(s):  
Б.Т. Нұриманов ◽  
Keyword(s):  

Мақалада Қарахандар дәуірі әдеби жәдігерлерінің бірі, 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі талданады. Аталған туындыны тануда орын алып жатқан кейбір қателіктер көрсетіліп, оны қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы саласында жаңаша зерделеу қажет екенін мәселе етіп көтереді. Зерттеуде Р.Р. Арат жасаған «Құтадғу біліктің» толық нұсқасы негізге алынады. Толық мәтін беске бөліп қарастырылып, әр бөлімі жеке-жеке талданады. Нәтижесінде, қай мәтіннің Жүсіп Баласағұнға тиесілі немесе тиесілі емес екені анықталады және әр бөлім жалпы кітаптың қанша пайызын құрайтыны нақты сандармен беріледі. Талдау нәтижелері Р.Р. Арат, Р. Данкоф, А. Ділашар, Ә. Құрышжанов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев сынды әлемдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарымен дәйектеледі. Көркем шығармаға жасалған құрылымдық талдау ондағы басты идеяны, Жүсіптің айтпақ ойын көрсетуге негіз болады. Зерттеуде алынған нәтижелер «Құтадғу білікті» тануда маңызды.


Author(s):  
А. Сеитмұрат ◽  
◽  
Ж. Аймұхамбет ◽  

Мақалада мәтін ішіндегі ретроспекция амалының қолданылу сипаты мен оның көріну жолдары баяндалды. Ретроспекция амалына қатысты әдебиеттанудағы, тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасалды. Аталған көркемдік тәсілдің мәтін ішіндегі орны, композициялық-құрылымдық сипаты қарастырылады. Сонымен қатар, ақындар шығармаларына шолу жасалып, қазақ поэзиясындағы ретроспекцияның берілу жолдарына назар аударылды. Әр қаламгердің шығармашылығындағы ретроспекция құбылысының берілу ерекшеліктері сараланды. Зерттеушілер пікірін саралай келе, ретроспекция ұғымына түсініктеме берілді. Жалпы ғылымда және әдебиеттанудағы ретроспекция құбылысының алатын орны екшелді. Әдебиеттану тұрғысынан мысалдар арқылы талдаулар жасалып, қазақ әдебиетіндегі, оның ішіндегі, қазақ поэзиясында ретроспекция құбылысының рөлі зор екендігі нақтыланды. Ретроспекция құбылысының автор тарапынан оқырманға беретін көркемдікпен қатар эстетикалық мәні бар екені көрсетілді.


Author(s):  
Г.Н. Абубакирова ◽  
◽  
А. Кайпбаева ◽  

Қазақ қоғамында бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен әйел қауымының орны әрқашан ерекше. Өмірде ер адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болатын әйелдер қауымының өмірі сан қилы. Әрбір әйел бір үйдің инабатты келіні, аяулы анасы, ардақты апасы, асыл әжесі. Сондықтан әйел тақырыбы – мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, көркем туындыларда сипатталатын әйел бейнесі, тағдыры, мұңы, сезімдері көптеген шығармаға арқау болған. Ақын-жазушыларымыз әйелді мүсіндеп, сипатын бейнелегенде ұлттық әдет-ғұрыптық ерекшеліктермен бірге рухани дүниенің сырларын, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекшеліктерін ұмытқан емес. Зерттеу нысанасына алынып отырған Мәриям Хакімжанова шығармаларында да «әйел» концептісін айшықтайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымға сай берілгені аңғарылады. Сонымен қатар, «Әйел» лексемасы сөз болған жерде, әйел – сұлулық, әйел – сүйікті жар, әйел – ана баламалары қабаттасып, сабақтасып жатуы заңды. Мақалада осы аталған баламаларға М. Хакімжанова шығармалары негізінде тоқталатын боламыз.


Author(s):  
К.С. Курмамбаева ◽  

Мақалада 1990 жылдары қазақ поэзиясына келген талантты топтың ішінде өз орны айқындалған, шығармашылығы қалыптасқан, жеке-дара қолтаңбасы бар Жанат Әскербекқызы поэзиясы ғылыми тұрғыда талданған. Автор ақынның сөз өнеріне қосқан үлесін, әкелген жаңалығын пайымдау үшін әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгіне отырып, оның идеялық және көркемдік дүниесіндегі ерекшеліктерді (тілі, стилі, т.б.) ашып көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды биік тұтқан, әрі эстетикалық талғамға сай туындыларына объективті баға беруге ұмтылады. Мысалы, ақын поэзиясының Оралхан Бөкейдің романтикалық прозасымен үндестігі салыстырыла дәйектелген, өлеңдеріндегі символдық бейнелер байыпталған. Лирикалық иірімдерден бөлек, Ж. Әскербекқызы жырларында жиі ұшырасатын отансүйгіштік сарын нақты мысалдар негізінде зерделенген, сондай-ақ, өлеңдерінің өрнегіне өрілген мифологиялық және фольклорлық элементтердің поэтикалық сыр-сипаты тиісінше сараланған.


Author(s):  
Е. Жиенбаев ◽  
◽  
Д. Хилкеева ◽  

ХХ ғасыр басындағы түрік әдебиетінің көрнекті өкілі Мемдух Шевкет Эсендалдың прозалық шығармалары реалистік көзқараспен жазылған. Оның «Чамур Ахметтің мәселелері» (Çamur Ahmet’in çıkışları) атты повесінде ХХ ғасыр басындағы Түркиядағы қарапайым адамдардың өмірі, кезеңнің идеологиясы сөз етілген. Жазушының бұл шығармасын талдау барысында мәтінді проблемалық талдау әдісі қолданылды. Осы тұрғыда түрік елінде кеңінен қолданылып жүрген профессор Шериф Акташтың мәтінталдау әдісі басшылыққа алынып, кейіпкер, кеңістік және уақыт ұғымдары сараланды. Зерттеу нәтижесінде мәтін құрылымы, жазушының көзқарасы айқындалды. Мәтіннің тілдік ерекшелігі мен жазылу стилі айшықталды.


Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document