scholarly journals Аrtistic features of Zhanat Askerbekkyzy’s poetry

Author(s):  
К.С. Курмамбаева ◽  

Мақалада 1990 жылдары қазақ поэзиясына келген талантты топтың ішінде өз орны айқындалған, шығармашылығы қалыптасқан, жеке-дара қолтаңбасы бар Жанат Әскербекқызы поэзиясы ғылыми тұрғыда талданған. Автор ақынның сөз өнеріне қосқан үлесін, әкелген жаңалығын пайымдау үшін әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгіне отырып, оның идеялық және көркемдік дүниесіндегі ерекшеліктерді (тілі, стилі, т.б.) ашып көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды биік тұтқан, әрі эстетикалық талғамға сай туындыларына объективті баға беруге ұмтылады. Мысалы, ақын поэзиясының Оралхан Бөкейдің романтикалық прозасымен үндестігі салыстырыла дәйектелген, өлеңдеріндегі символдық бейнелер байыпталған. Лирикалық иірімдерден бөлек, Ж. Әскербекқызы жырларында жиі ұшырасатын отансүйгіштік сарын нақты мысалдар негізінде зерделенген, сондай-ақ, өлеңдерінің өрнегіне өрілген мифологиялық және фольклорлық элементтердің поэтикалық сыр-сипаты тиісінше сараланған.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document