scholarly journals Мәшһүр Жүсіптің мәдени мұрасы: аңыздар

Author(s):  
Нартай Қуандықұлы Жүсіпов ◽  
Мухаббат Нұржауқызы Баратова ◽  
Ертай Қуандықұлы Жүсіпов ◽  
Алия Алмабековна Курметова

Бұл мақалада Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи аңыздар сөз болады. Оның ішінде қазақ халқын басқарған тарихи тұлғалар: хандар бейнесі жайлы мағлұматтар аңыз күйінде беріледі. Әсіресе Абылай хан тұлғасына қатысты циклдік әдіспен жинаған 16 аңызы жан-жақты қарастырылады. Бұл ел аузынан жиналған 16 фольклор үлгісі өз замандағы Ш. Уәлиханов, В. Радлов т.б. нұсқаларымен салыстырыла талданады. Ол үлгілерде кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеті, айналасы, оқиғасы т. б. өзара салыстырылады. Осы салыстырулар барысында туындаған ерекшеліктер мен өзгешеліктер т. б. сипатталады. Сондай-ақ Абылай хан бейнесіне қатысты кейбір нұсқалар тек Мәшһүр Жүсіп қолжазбасында ғана сақталғандығы анықталады. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи аңыздардың қаншалықты құнды екендігін және халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы, жариялаудағы, зерттеудегі еңбектерінің маңыздылығын көрсетеді.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document