Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Latest Publications


TOTAL DOCUMENTS

145
(FIVE YEARS 145)

H-INDEX

0
(FIVE YEARS 0)

Published By Toraighyrov University

2710-3528

Author(s):  
Нартай Қуандықұлы Жүсіпов ◽  
Мухаббат Нұржауқызы Баратова ◽  
Ертай Қуандықұлы Жүсіпов ◽  
Алия Алмабековна Курметова

Бұл мақалада Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи аңыздар сөз болады. Оның ішінде қазақ халқын басқарған тарихи тұлғалар: хандар бейнесі жайлы мағлұматтар аңыз күйінде беріледі. Әсіресе Абылай хан тұлғасына қатысты циклдік әдіспен жинаған 16 аңызы жан-жақты қарастырылады. Бұл ел аузынан жиналған 16 фольклор үлгісі өз замандағы Ш. Уәлиханов, В. Радлов т.б. нұсқаларымен салыстырыла талданады. Ол үлгілерде кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеті, айналасы, оқиғасы т. б. өзара салыстырылады. Осы салыстырулар барысында туындаған ерекшеліктер мен өзгешеліктер т. б. сипатталады. Сондай-ақ Абылай хан бейнесіне қатысты кейбір нұсқалар тек Мәшһүр Жүсіп қолжазбасында ғана сақталғандығы анықталады. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи аңыздардың қаншалықты құнды екендігін және халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы, жариялаудағы, зерттеудегі еңбектерінің маңыздылығын көрсетеді.


Author(s):  
Индира Бектурсыновна Булегенова ◽  
Гулзира Кабаевна Кенжетаева

Қазіргі таңда эмоцияларды зерттеу – өзекті, әрі қазіргі заман талабына сай тақырыптардың бірі. Эмоциялардың тілде көрініс табу мәселелерінің ішінде, олардың қарым-қатынас және әртүрлі мәтіндердегі берілу ерекшелігін зерттеу ерекше орын алады. Тіл білімі ғылымы көп уақыттан бері, мәтін мәселелеріне қызығушылық танытып келеді, себебі олардың шешімі тіл семантикасының негізгі сұрақтарына жауап табуға мүмкіндік береді. Лингвисттер мәтінді сөзбен тығыз байланысқан құбылыс ретінде қарастырады, ал бұл өз кезегінде эмотивті мәтін мен эмотивті сөзге де таралады. Коммуникативті лингвистикада мәтін эмоцияларының ролі айрықша. Әрбір мәтін белгілі бір бірліктердің жиынтығынан тұрады, олардың құрамында эмоционалды ақпараты бар тіл бірліктері де болуы мүмкін. Мақала мәтін ішіндегі, әсіресе, көркем әдебиеттегі эмоционалды бірліктердің берілу жолдарын функционалды-семантикалық тұрғыдан зерттеу мәселелерін қарастырады. Эмотивті мәтінді семантикалық тұрғыдан қарастыру барысында эмоциялардың берілу жолдары анықталады. Эмотивті мәтінді талдау барысында тілдік және тілдік емес компоненттерді анықтауға мүмкіндік бар. Эмотивті мәтіндерді зерттеу ағылшын тілінде мәтіннің эмотивті белгісін айқындайтын клишеленген құрылымдардың бар екендігін көрсетті. Мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтіндердегі жағымды және жағымсыз эмоциялардың кинесика, просодия, лексика және грамматика арқылы берілу жолдарын көрсетеді.


Author(s):  
Айтмухамет Касымбаевич Трушев ◽  
Әмірбек Айтмухаметович Трушев

Жерлес – ақын, драматург, прозашы Аманжол Шамкеновтің қаламынан қырыққа жуық кітабы, жүзге жуық өлеңіне көптеген композиторлар ән жазған. Пушкиннің, Лермонтовтың, Назым Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтың бірқатар өлеңдерін, Г. Тушканның «Жора» романын, Н. Хикметтің «Әпенде», М. Шатровтың «Большевиктер», В. Розовтың «Өмір жолдары» атты пьессасын қазақ тіліне аударған. А. Шамкенов өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері, тілі барынша нақты мысалдар арқылы дәлелденіп отырған. Аманжол Шәмкенов Ертіс өңірінде дүниеге келген және өзінің саналы ғұмырын елі мен жерін жырлауға арнаған. Олай дейтініміз, «Сырларым менің» атты өлеңдер жинағына: «Студент сыры», «Жасыл жайлау», «Лирикалық өлеңдер», «Сағат», «Дала тынысы», «Таңдамалы», «Жайлау таңы», «Тың дәптері», «Ертіс перзенті», «Жайлау күні» т.б. таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енген. Ақынның қай жырының болмасын сыры терең, мазмұны бай. Өлеңдері тұнып тұрған көне сөздермен теңеулер, көркемдігінде шек жоқ. Талай жас талапкерлерге ақын өлеңдері үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ақын өлеңдерімен талай буын өсіп шығатынына, тәрбиеленетініне біз кәміл сенеміз. Ақынның «Аналар туралы балладасы», «Әкелер туралы ой», «Ұстазым» өлеңдері бірі – аналардың гимні, бірі – әкелердің гимні, бірі – ұстаздардың гимні деп теңеуге де болар еді.


Author(s):  
Станислав Владимирович Оленев ◽  
Cамал Жанаткызы Ерғалиева ◽  
Назгуль Амантаевна Нуркина

Зерттеу нысаны қазақстандық саяси интернет-пікірлер болып табылады. Зерттеу мақсаты – қазақстандық саяси интернет-пікірлердің мәтін құруының құндылық факторын анықтау. Зерттеу пәні – интернет-пікірлерде іске асырылатын бастапқы мәтіннің құндылық потенциалы мен виртуалды тілдік тұлғаның құндылық қарым-қатынасының сәйкестігі. Бұл нысанды зерттеу үшін теориялық материалды жинау және контекстік талдау әдістері, салыстырмалы, жалпылама, сипаттамалық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері қазақстандық интернет-пікірлердің мәтіндері құндылық әлеуетімен басым екенін көрсетті. Күнделікті әдеттегі саяси дискурстың құндылық потенциалының деңгейі екінші мәтінді шығаруда бастапқы мәтіннің қолданылатын тірек сөздерінің санымен анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақстандық виртуалды кеңістікте интернет-пікірлерді құру кезінде мәтіндік қызметтің доминантын лингвоаксиологиялық тұрғыдан түсіну. Материалды таңдау әр түрлі жанрлардың пайда болуына ықпал еткен ақпараттық технологиялардың дамуымен негізделген, онда тіл мен адамның арасындағы өзара байланыс басқа лингвистикалық бағытта зерттеледі.


Author(s):  
Natalia Vladimirovna Melnik ◽  
Meruyert Assetovna Uaikhanova

The problem of the research was Kazakhstani political Internet comments. The problem is justified with the development of information technologies. The aim of the study was to determine the value potential of the text generation of Kazakhstani political Internet comments in the linguo-personological and text-derivational aspects. To study this problem, methods of collection and contextual analysis of theoretical material, comparative, generalizing, descriptive methods and a method of quantitative data processing were used. The results of the study showed that the texts of Kazakhstani Internet comments prevail with value potential. The level of the value potential of everyday political discourse was revealed by the number of used keywords of the original text in the production of secondary texts. The scientific novelty of the research lies in the linguo-personological and linguoaxiological comprehension of the dominant textual activity when generating Internet comments in the Kazakh virtual space.


Author(s):  
Зауреш Шаршабековна Ерназарова ◽  
Гүлбаршын Шаршыбековна Ерназарова

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы етістіктің етіс категориясын когнитивті семантикалық аспектіде зерттеуге арналды. Зерттеу мақсаты – етіс категориясын адам танымының нәтижесі – концепт ретінде бағалап, когнитивті моделін анықтау, пропозициялық мазмұнын фреймдік компоненттерге ажырату. Зерттеу жұмысының өзектілігі етіс категориясына тән негізгі грамматикалық мағыналар парадигма түрінде сипатталағанымен, адам танымындағы когнитивті құрылымының анықталмауынан, сонымен байланысты қолданыста туындайтын семантикалық аспектісінің терең талданбауынан көрінеді. Зерттеуде етіс когнитивті лингвистиканың менталды кеңістік теориясы, фреймдік семантика теориясы, когнитивті грамматикадаы бейнелілік теориясы тұрғысынан таным үдерісінің нәтижесі әрі құралы ретінде қарастырылды,семантикалық құрылымын сипатталды. Зерттеу жұмысында компонентті талдау,сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды. Зерттеу барысында етістің когнитивті сценарийі жүйеленіп, қазақ тілі мұғалімдері арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде етіс семантикасы сөйлеу жағдаятына қатысты сөйлеуші субъектінің кеңістіктегі орнына, процеске қатысуына, процеспен байланысты аялық біліміне, субъектінің жеке көзқарасы мен мақсатына, әрекетке қатысына тәуелді екені анықталды. Етіс сөйлеу жағдаятына қатысушы субъектілердің процеске, әрекетке қатысын жеткізетін, анықтайтын етістік категориясы болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін когнитивті семантика саласында, коммуникативті лингвистика, когнитивті грамматика саласында қолдануға болады. Сонымен қатар зерттеу қорытындылары қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың лингводидактикасында пайдаланылады.


Author(s):  
Құралай Темірбекқызы Жанұзақова ◽  
Бекзат Ғабитқызы Қалдыбаева

Мақалада Президент бастамасымен жүзеге асқан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында жарық көрген «Әдебиет теориясы» атты бес томдық кітаптағы келелі теориялық мәселелердің қазақ әдебиетінде жаңаша көріну сипаттары мен әдебиеттану ғылымындағы орны мен маңызы қарастырылады. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттану ғылымының даму тенденциясы да пайымдалады. «Әдебиет теориясы. Антология» еңбегіндегі әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы тың теориялық, философиялық, эстетикалық мәселелері, пайымдалады. Әлемдік әдеби процесс пен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаһандық әдебиеттегі заманауи жаңа теориялар және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты қарастырылады. Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер қаралады. Әдеби байланыстардың түрлі жолдармен жүзеге асып отыруы, әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, бағдары мен бағыттары талданады. Әлем әдебиетін жаңа көзқарасбен талдайтын шетелдік авторлар мақалаларының бүгінгі дүниежүзілік әдебиеттанудағы орны бағамдалады. Мақалада аталған оқулықтағы бүгінгі әлемдік әдебиет теориясының даму бағыттары да сөз болады. Бұл бағыттардың қазақ әдебиетінде қаншалықты өріс алғаны кеңінен тұжырымдалады.


Author(s):  
Сауле Мухажановна Тажибаева ◽  
Анар Бухарбековна Кабанова ◽  
Айнур Юсуповна Кишенова

В статье определяются лингвистические и методологические основы обучения специальной лексике и русскому словообразованию студентов-казахов, дается сопоставительная характеристика систем словообразования русского и казахского языков. Рассматриваются важнейшие языковые и когнитивные особенности словообразовательных категорий в системном плане, а также их соотношение и некоторые аспекты взаимодействия с категориями и единицами грамматических, лексических и номинативно-производных подсистем. Говорится, что словообразовательная категория является моделирующей и классифицирующей макроединицей словообразовательной системы, структуру которой организуют словообразовательные типы с общим словообразовательным значением. В статье описаны основные темы морфем и словообразования, теоретические сведения о типах, типах русских морфем, исторических изменениях в структуре слова, структуре и семантике производных слов, способах словообразования, выявляются сходство и различия в суффиксальном словообразовании в языках сравнения. Авторами анализируются не только способы словообразования, но и морфемная структура слов. Выделяются производные типы, схемы словообразования, способы словообразования и словообразовательные значения. Кроме того, показаны пути перехода словосочетаний в цельнооформленные единицы-композиты. Статья поможет понять морфологическое строение многих частей речи и словообразовательные возможности казахского языка.


Author(s):  
Мирамгүл Сергожақызы Мнайдарова ◽  
Гүлнәр Әдебиетқызы Сәрсеке

Мақала қазіргі қазақ-түрік тілдерінің антропонимикасын зерттеуге арналған. Авторлар қазақ тіл білімінде антропонимдердің зерттелуіндегі лексикалық сипаттардың мол назарға алынғандығын негіз етеді. Адам аттарының лексикалық мағынасы, этимологиясы, лингвомәдени жүйедегі түрлі аспектідегі зерттелуі морфологиялық құрылымдарын анықтаудағы алғышарттар ретінде алынады. Антропонимдердің лексика-семантикалық мағынасының жан-жақты қарастырылуы нысанаға алынып отырып, саланың басты шарты деп белгіленеді. Қазақ және түрік тілдерінің туыстық, тектік бірліктері де антропонимдерді зерделеуде ортақ тарихи кезеңдерге назар аударуды қажет етеді. Сондықтан да қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдерді зерттеуде тарихи кезеңдерге жіктеу, топтау жүйесі де негізге алынады. Бұл ретте, авторлар, профессор Т. Жанұзақовтың тарихи кезеңдерге бөлген жіктеуін негізге алуды қажет деп санайды. Тілдегі лексикалық мағына арқылы морфологиялық белгілер анықталады. Морфологиялық құрылым сипаттары тілдегі түпкі сөз мағынасын негізге ала отырып анықталатын болғандықтан да адам аттарының лексикалық мағыналары арқылы морфологиялық құрылымдары ашылады. Қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде авторлар назар салған тұстардың бірі тілдік материалдың семантикалық тұтастық заңдылықтары мен ережелеріне бағынуы. Бұл өз кезегінде, адам атауларының лексика-семантикалық сипаттарының грамматиканың ішкі қағидаларымен сабақтасуы арқылы жүзеге асады. Тілдегі морфологиялық заңдылықтардың өзі лексикалық мағынаны негізге алады. Мақала авторлары сол себепті де, сөздің морфологиялық белгісін анықтаудағы немесе сөздерді тапқа жіктеудегі басты ұстанымның – лексика-семантикалық ұстанымға бағынатындығын негіз етеді. Мақала авторлары адам аттарының морфологиялық құрылымын анықтауда антропонимдердің морфемалық құрамына назар салумен бірге, сөз табы ретіндегі қызметтерін де қарастырудың қажеттігін ескереді. Тіл тарихы сөз таптарының антропонимдер жасауға қатыстылығынан мол деректер береді. Бұл бүгінгі тілдегі морфологиялық құрылым заңдылықтарын анықтауға көмектесері белгілі. Адам аттарының морфологияда жалқы есімдер тобындағы орын, сөз түрлері, жалаң (дара), туынды, күрделі сөз жасаудағы қызметтері де морфологиялық құрылымды зерттеу үшін анықталуы қажеттігін назарға ұстайды. Тілдегі антропонимдердің, соның ішінде қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің морфологиялық құрылымын анықтау – тілдің туыстығын, мағыналық бірліктерінің өзара сабақтастығын форма арқылы да дәлелдеу. Бұл тұрғыда антропонимдер туралы зерттеуде морфологиялық құрылымды анықтау, тілдік талдау жасаудың қажеттігінің өзекті екендігін анық.


Author(s):  
Sarbinaz Hamitovna Kylyshpayeva ◽  
Aigul Tynybekovna Onalbayeva

The state and development of modern civilization require native speakers to have a perfect command of the basics of linguistic units of various structural levels, as well as all the means of language and the features of their implementation in the process of communication. Based on the analysis of scientific literature, the tasks of the study were to find out the concept of «communicative competence», to outline its impact on the training of future teachers of language and literature, to determine the state of the problem under study. The methodological basis of the research is the theoretical foundations of higher education reform. In scientific research, various methods of pedagogical research are used: a meaningful analysis of scientific and theoretical concepts; the study of works on current problems of education; analysis, synthesis and generalization of psychological, pedagogical, linguistic and methodological literature; observations, generalization of advanced pedagogical experience to study the state of development of the problem of forming the communicative competence of philologists.


Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document