АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ (TILLETIA CARIES (D.C.) TUL. & C. TUL) ПОПУЛЯЦИЯСЫНА ВЕНГРИЯЛЫҚ БИДАЙ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІ
Қатты қаракүйе ауруы (Tilletia caries (DC.) Tul.) күздік бидайдың кең таралған ауруы. Ол әлемнің бидай өсіретін барлық аймақтарында кездеседі. Эпифитотия жылдары бидай өнімінің азаюы мен сапасының нашарлауына алып келеді. Жасанды індет аясында Алматы облысының Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогеніне венгриялық 21 бидай сорттарының төзімділігі сыналды. Зерттеу жұмысының барысында мақсатқа жету үшін бірнеше әдістер қолданылды. Олар: Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогенімен бидайды инокуляциялауда А.И. Борггардта-Анпилогованың әдісі қолданылды, Green Seeker (Trimble Navigation Limited, USA) – аппараты арқылы өсімдіктің биомассасының индексі өлшенді (NDVI – Normalized Difference Vegetative Index). Үлгілерді Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul қоздырғышымен залалдануын бағалауда М. Қойшыбаев шкаласы қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға жоғары төзімді деп 7 бидай сорты ерекшеленді. Олар: Békés, Szemes, Rege, Rába, Ati, Pilis және Vitorlás. Индекс биомасса көрсеткішін (NDVI) есептеу нəтижесінде 6 генотиптің NDVI көрсеткіші жоғары деп табылды. Құрылымдық белгілеріне талдау нəтижесінде Pilis, Rege және Rába сорттары төрт бірдей белгілері бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті. Ерте масақтануымен 4 бидай сорты ерекшеленді. Бұл сорттарды селекция бағдарламасына қатты қаракүйе ауруына төзімді үлгі ретінде ұсынуға болады.