Мақалада Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - ҚР) аймақтарының инновациялық экономикасының және инновациялық қызметінің дамуын талдау және бағалаудың ерекшеліктері мен әдістері қарастырылды. Аймақтың инновациялық әлеуеті, инновацияларды қабылдау қабілеті ұғымдарының анықтамалары берілді. Жалпы мемлекет экономикасының үдемелі дамуындағы инновациялық экономика мен инновациялық қызметті дамытудың маңыздылығы анықталды. Аймақтық инновациялық экономиканың дамуы мәселелерімен айналысатын экономистер мен зерттеуші-ғалымдардың еңбектері зерделенді. Әр түрлі шетелдік және Қазақстандық әдебиет көздерінде көрсетілген инновациялық қызметті талдау және бағалаудың әдістер тобы жинақталды. Батыс Қазақстан аймағының инновациялық экономикасы дамуының, оның ішінде, инновациялық әлеуеті мен қабылдау қабілеті көрсеткіштері жүйеленіп, талдау жүргізілді. Автормен инновациялық экономиканың негізгі көрсеткіштерін есептеуге арналған арнайы формулалар ұсынылды. Берілген формулалар арқылы есептеу алгоритмін сақтай отырып, белгілі әдістеме бойынша есептеу жұмыстары жүргізілді. Есептеулердің қорытындысы бойынша соңғы жылдардағы Батыс Қазақстан аймағының (оның ішінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша) инновациялық қызметінің дамуы бағаланып, негізгі мәселелері анықталды. Инновациялық қызметті аймақтық деңгейде бағалаудың әдісі, қосымша критерийлері және анықталған мәселелерді жетілдіру жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, аймақтық деңгейде инновациялық экономиканың дамуына әсер етуші негізгі факторлар анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің болашақта мемлекет аймақтарының инновациялық экономикасының дамуын талдау мен бағалау кезінде қолдану мүмкіншіліктері туралы болжам жасалды. Мақала соңында жүргізілген зерттеу жұмысы пысықталып, негізгі мәселелер бойынша қорытынды жасалды.
The article considers the features and methods of analysis and evaluation of the development of the innovation economy and innovation activity of the regions of Kazakhstan. The definitions of the concepts of innovative potential of the region and innovative receptivity are given. The importance of the development of the innovation economy and innovation activity in the development of the state economy as a whole is determined. The works of economists and research scientists dealing with the problems of regional innovation economy development are studied. Groups of methods of analysis and evaluation of innovation activity, reflected in various foreign and Kazakh literature sources, are classified. The indicators of the development of the innovation economy of the West Kazakhstan region, including the innovation potential and innovation susceptibility, are systematized and analyzed. The formulas developed by the author for calculating the main indicators of the innovation economy are proposed. Based on the results of the calculations, the main problems of the development of innovative activity in the West Kazakhstan region in recent years were evaluated and identified. An improved method for assessing innovation activity at the regional level, additional criteria and ways to improve the identified problems are proposed. In addition, the main factors influencing the development of the innovation economy at the regional level are identified. At the end of the article, conclusions were drawn on the main problems of the topic under study.