МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТЕРБЕЛІСТЕРДІ ҮЙРЕТУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУДІ МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Мақалада қазіргі оқыту жүйесінде физика сабақтарында ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік модельдеу технологиясы арқылы оқытудың алғышарттары, ерекшеліктері қарастырылған. Физиканың механика тарауындағы маңызды бөлім «Электромагниттік және механикалық тербелістерді» барынша түсінікті оқыту үшін тербелістердің графиктері мен үш өлшемді (3D) нобайларын көрнекі сипатта түсіндірудің жолдарының кең мүмкіндіктері талданды. Осы арқылы оқушыларды жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бейімдеуге және ғылыми зерттеулердің жаңа әрі басым бағыты компьютерлік модельдеу жұмыстарының алғашқы командалық жұмыстары қарастырылды. Оқытудың технологиялық ресурсы ретінде – Wolfram Mathematica атты компьютерлік бағдарламасы қолданылып, осы бағдарлама негізінде тербелістерді оқытудың кезеңдері жүйеленіп көрсетілді. Сонымен қатар, физика сабағында оқушылар ақпараттық технологиялар жұмыс жасап, бір жағынан физикалық құбылыстардың сипатына идеал модель негізінде зер салып, олардың түрлі-түсті көрінісіне ерекше назар аударып, тербелісті сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік қатынастарын да ажыратуына болады. Мұндай заман ағымына дес бермес технология көмегімен информатика және қазіргі ғылым тілі – ағылшын тілімен кіріктіре оқыту әдісі де қатар жүреді. Компьютерлік модельдеуді механикалық және электромагниттік тербелістерді оқытуда қолдану физикалық құбылыстарды да тереңінен түсіндіруге және оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік бар.