Мақалада Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК), соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ШОК-тің негізгі көрсеткіштері қарастырылып, талданды. Әлемнің экономикасы дамыған елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін: мал және өсімдік шаруашылығының өнімділігін Қазақстанның көрсеткіштерімен салыстыра отырып, талдау жасалынды. Ірі қара мал шаруашылығын Бразилия, Индия, АҚШ, Қытай, Аргентина, Мексика, Австралия мемлекеттері, шошқа шаруашылығынан Қытай, АҚШ, Бразилия, Испания, Германия, Ресей мемлекеттері, қой мен ешкі шаруашылығынан Қытай, Индия, Австралия, Ұлыбритания, Бразилия, Ресей мемлекеттерінде озық дамығандығы анықталды.
Сонымен қатар, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың ішінде бидайдың өнімділігінен Қытай мен Ресей көш бастап тұр, ал картопты Қытай мен Индия, қант қызылшасын Франция, Ресей және АҚШ жақсы өсіретіндігі, бидай өсіруден Қазақстан көрсеткіштері Италия, Ұлыбритания, Польша, Испания, Бразилия елдерінен жоғары екендігі анықталды. ЕЭО елдерінің жалпы егіс алқабы мен негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен жалпы жиыны, ЕЭО белсенді мүшелерінің ауыл, орман және балық шаруашылығындағы салықтық кірістері мен бюджет шығындары қарастырылды. ҚР ауыл шаруашылығына бөлінген қаражат көлемі Ресейден 4,7 есе аз, ал қалған ЕЭО мүше елдерге қарағанда едәуір жоғары бөлінетіндігі анықталды. Ауыл шаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер Ресейден 28,8 есе аз, Беларусиядан 18,7 млн.АҚШ долларына аз кірістелінген.
The article considers and analyzes the main indicators of Kazakhstan in the field of small and medium-sized enterprises( SMEs), including agriculture. The analysis of the productivity of main agricultural products (crops and livestock) economically developed countries in comparison with Kazakhstan. The leading development of cattle in Brazil, India, USA, China, Argentina, Mexico, Australia, pig breeding in China, USA, Brazil, Spain, Germany, Russia, sheep and goat breeding in China, India, Australia, Great Britain, Brazil, Russia was revealed.
In addition, among cereals and legumes, China and Russia are the leaders in wheat yield, and potatoes are best grown in China and India, sugar beet-in France, Russia and the United States, Kazakhstan's indicators for wheat cultivation are higher than in Italy, Great Britain, Poland, Spain, and Brazil. The total acreage and yield of the main agricultural crops of the EAEU countries, tax revenues and budget expenditures of active members of the EAEU in agriculture, forestry and fisheries are considered. It is established that the amount of funds allocated for agriculture of the Republic of Kazakhstan is 4.7 times less than in Russia, and in other EAEU member states it is allocated much higher. Tax revenues from agriculture are 28.8 times less than in Russia, by $ 18.7 million.The US yield is lower than that of Belarus.