COVID-19 пандемиясы ауылшаруашылық және орман шаруашылығы нарықтары үшін қысқа мерзімді соққы болды, бірақ ұзақ мерзімді әсерлері әлі анық емес. Ұзақ мерзімді тенденциялар туралы сенімді ақпараттың болмауына байланысты, қазіргі кезде белгісіздік жағдайында болашақ азық-түлік қауіпсіздігі мен саланың кірістеріне қатты әсер ететін аграрлық саясат шеңберінде шешімдер қабылдануда.
Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығында және агро азық-түлік нарығында бірқатар шаралар қабылдады. Алайда, ауылшаруашылық экономикасы үшін пандемияға байланысты тәуекелдер сақталуда және оларды азайту үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар қажет.
Біз 1991 жылдан бергі кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексінің серпінін талдау аясында COVID-19 пандемиясының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына әсерін болжауға әрекет жасадық. Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы қазақстандықтарды қажетті азық-түлікпен және өмір сүру қаражатымен қамтамасыз етеді. Сондықтан біздің зерттеуіміз COVID-19 қарсылығын жалғастырудың алғышарты болып табылады және директивалық органдарға тиімді ауылшаруашылық саясатын жасауға көмектеседі.
Зерттеу максималды ықтималдылық әдісін қолданды. Біздің есептеулеріміз бойынша Қазақстанда алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру индексінің өсу үрдісі 105,7 -106,2% деңгейінде сақталуы тиіс. Экспорттың аздап қысқаруы және агроөнеркәсіптік сектор өнімдері импортының өсуі болжанып отыр.
Кілт сөздер:пандемия, азық-түлік қауіпсіздігі, аграрлық экономика, болжау, ауылшаруашылық, тауар өндірушілер, мемлекеттік қолдау,ұзақ мерзімді тенденциялар,аграрлық сектор,ауылшаруашылық саясаты.
The COVID-19 pandemic has become a serious short-term (immediate) shock to markets of agricultural and forestry industries, but the long-term implications are not yet clear. Due to the lack of reliable information on long-term trends, decisions in agricultural policy are now being formulated that will have a strong impact on the future food safety and profitability of the industry in the face of uncertainty.
The government of Kazakhstan has taken a number of measures in the field of agriculture and the agri-food market. However, the risks to the agricultural economy in relation with the pandemic remain, and to reduce these risks, short-term, medium-term and long-term measures are necessary.
We have made an attempt to predict the impact of the COVID-19 pandemic on the agricultural sector of Kazakhstan, in the light of the analysis of the dynamics of the index of the physical volume of gross agricultural output (services) for the period since 1991. Being one of the most important sectors of the economy of Kazakhstan,agriculture provides Kazakhstanis with the necessary products and means of subsistence. Therefore, our study is a prerequisite for continuing resistance to COVID-19 and can help policy makers develop effective agricultural policies.
The study used the maximum likelihood method. According to our calculations, the growth trend of the agricultural production index in Kazakhstan should continue in the next 3 years at the level of 105.7 -106.2%. A slight decline in exports and an increase in imports of agricultural products are projected.